Қазақстан Тәуелсіздігіне 31 жыл

Кездесу мақсаты:
- Жастарға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау. - Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. - Студент жастарды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, білім алушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.  Қазақстан еркін және тәуелсіз мемлекет болуы үшін ата-бабаларымыз ғасырлар бойы күресіп, азаттық  жолы жайында жастарға түсіндіру. Тәуелсіздіктің 31 жылдығы - бұл жай ғана мереке емес, ол Қазақстанда тұратын барлық халықтар еңбекқорлығы мен достығының нәтижесі екенін өскелең ұрпаққа жеткізіп, түсіндіру.  Тәуелсіздік бастауы - ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсінді деген нақты сенімдеміз Аталмыш шараға:  Төраға орынбасары: Оспанова Гүлмира Болатқызы  Патриоттық қозғалыс "Желтоқсан ақиқаты" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы Мүшесі: Ибрагимов Талғат Садуақасұлы  Серикбаев Аманжол Қуандықұлы Еңбекші ауданы орталығы Әл Біләл мешітінің найб имамы. Қалалық ЖАНТ мүшесі!  Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы Кыпшакбаев Рауан Мухитулы қатысты Тəуелсіздігіміз тұғырлы азаттығымыз ғұмырлы болғай!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, 160031

Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: avi-med@mail.ru
225 квартал,
426 ғимарат

РЕСУРСТАР


Please publish modules in offcanvas position.