Студентерге қызмет көрсету орталығы

Колледжде студенттер кеңсесі және студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.
«Авимед» көпсалалы  колледжі студенттерге қызмет көрсету орталығы.                                
Орталық студенттерге академиялық кезең бойы кеңес береді. Әр студент өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алады.
Орталық қызметінің қағидаттары: алынған ақпараттың құпиялылығы, сенім негізіндегі ынтымақтастық, мәселелерді шешудегі объективтілік, шынайы ақпарат беру.Орталық - бұл колледж әкімшілігі мен оның студенттерінің жаңа форматтағы диалогын құру.
Мақсаты: студенттерге «бір терезе» принципі бойынша сапалы және жылдам қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Студенттің сұрауы бойынша толық ақпарат беру.
Студенттерге қызмет көрсету орталығы қызметінің негізгі бағыттары:
Қызмет көрсету/мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру (студенттерден өтініштер қабылдау: оқуға қабылдау, оқудан шығару, қалпына келтіру, ТжКБ-ның басқа ұйымдарынан және ТжКБ-ның басқа ұйымдарына, колледж ішінде ауыстыру, академиялық демалыс беру, техникалық-кәсіптік білімді аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру, дипломдардың телнұсқаларын беру, азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы тұлғаларға тегін тамақтандыруды ұсыну, дербес деректерді ауыстыру, жеке құрам бойынша білім беру;
Кету парақтарын беру;
Ақылы негізде білім алушыларға жеңілдіктер беруге құжаттар қабылдау;
Колледж студенттерін сынақ кітапшаларымен, студенттік билеттермен қамтамасыз ету;
Студенттерге және олардың өкілдеріне ақпарат беру, құлақтандыру және кеңес беру;
Білім алушылардың электрондық дерекқорына ақпаратты уақтылы және дұрыс енгізуді қамтамасыз ету;
Анықтамаларды тіркеу және беру, олар бойынша есептік-бланктік құжаттарды ресімдеу;
Колледждің іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу (дипломдар тапсыру, жиналыстарды өткізу)
Ресми органдардың жазбаша сауалдарына жауап-хаттарды дайындау;
Студенттердің өтініштері бойынша және құрылымдық бөлімшелердің жобалары бойынша бұйрықтар жобаларын дайындау;
Студенттердің құрамы туралы электронды материалдарды сақтау;
Білім алушылар контингентінің қозғалысы бойынша есеп дайындау.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, 160031

Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: avi-med@mail.ru
225 квартал,
426 ғимарат

РЕСУРСТАР


Please publish modules in offcanvas position.