Колледж тарихы

КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ

Колледж 2004 жылы 27 сәуірде «Майлыкент» колледжі ретінде Шымкент Университетінің мемлекеттік лицензиясы № 0009909 АА сериясы негізінде құрылды.

2015 жылғы 28 қыркүйектегі құрылтайшының шешімімен «АВИМЕД» көпсалалы колледжі болып өзгертілді (заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы куәлік БСН 040240009720 2015 жылғы 12 қазанда).ТжКБ ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы лицензияға және колледж жарғысына сәйкес «Білім туралы» Заңның 41-бабына сәйкес жүзеге асырады.

«АВИМЕД» жеке мекемесінің жарғысы колледж құрылтайшының жиналысында 2018 жылғы 25 қыркүйегіндегі шешімімен «АВИМЕД» көпсалалы колледжі  жеке мекемесінің жаңа жарғысы бекітілді (№ 247-1958-Ус), 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №1 хаттама. Колледж өз қызметін келесі құрылтайшылық және рұқсат беру құжаттары негізінде іске асырылады.

2018 жылдың қыркүйек айында колледж атауына толықтырулар енгізілуіне байланысты әділет органдарында қайта тіркеуден өтті.

Соңғы аттестаттаудан өту күні-2015 жылғы ақпан (ОҚО Білім саласындағы бақылау департаментінің 02.02.2015 жылғы № 98 бұйрығы.

«АВИМЕД»  көпсалалы колледжінің білім беру бағдарламасының сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесі ҚР СТ ISO 9001-2016 сериялы сапа менеджменті бойынша стандарт талаптарының негізінде ұйымдастырылған, оның негізгі мақсаты білім беру сапасын үздіксіз жақсарту нәтижесінде қазіргі және болашақтағы тұтынушылардың талап-сұраныстарын тұрақты бейімдеуге және орындауға ұмтылу болып табылады.

2020 жылы «АВИМЕД» көпсалалы колледжі «ARQA» тәуелсіз аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау агенттігінен 22.12.2020ж.-21.12.2025 мерзімге институционалдық  аккредиттеуден өтті.

Колледждің миссиясы - еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін, адамгершілік қасиеттері жоғары және үздіксіз өсуге дайын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Миссия мен стратегиялық мақсаттар Колледждің педагогикалық кеңесінде талқыланып, қабылданған 2019-2023 жылдарға арналған Стратегиялық колледжді дамыту бағдарламасы негізінде анықталады.

Пайымдауы: еңбек нарығының нақты қажеттіліктері мен денсаулық сақтауды дамыту перспективалары үшін орта педагогикалық мамандарды даярлау жүйесіне артықшылық беру және оны іске асыру.

 «АВИМЕД» көпсалалы колледжінің қызметі колледждің 2019-2023 жылдарға арналған Колледжді дамыту стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады, онда колледждің миссиясы, мақсаттары, міндеттері мен оның елдің әлеуметтік-экономикалық, білім беру, ғылыми және елдің мәдени дамуындағы орны мен рөлін көрсететін ұзақ мерзімді пайымы баяндалады және мақсаты техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдайлар жасау арқылы жастардың әлеуметтік-экономикалық интеграциясы болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаңартылып отырады.

«АВИМЕД» көпсалалы колледжінің сапаны қамтамасыз ету саясаты саласындағы мақсаттары Колледждің Стратегиялық даму бағдарламасының негізінде қалыптасады және қайта қаралады, өлшенушілік пен жүйелілік қағидалары сақталады. Оқу жылының басында колледждің алғашқы Педагогикалық кеңесінде Стратегиялық бағдарламаға сәйкес жұмыс нәтижелері талданып, жаңа оқу жылына міндеттер қойылып, колледждің жылдық жоспары қаралып, бекітіледі.

Сапа саласындағы саясат колледждің білім беру қызметтері нарығында оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметін үнемі дамытып, жетілдіріп отыруды; студенттерді сапалы білім беру қызметтерін үнемі қамтамасыз етуді, оларды барлық мүдделі тараптардың тиімді кері байланысы негізінде үнемі жетілдіруді көздейді.

Ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің саясаты мен процедураларының негізгі мақсаты келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

 -білім беру қызметінің үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделуді қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымды жаңартуды қамтитын ұйымды басқарудың заманауи әдістеріне негізделген колледжді басқару жүйесін жетілдіру;

  • - кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру;
  • - техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес білім беру қызметін қамтамасыз ету;
  • - мамандардың бәсекеге қабілеттілігін еңбек нарығы мен ТжКБ МЖМБС талаптарына сәйкес қамтамасыз ету мақсатында кадрларды даярлау сапасын, кәсіби құзыреттілік деңгейін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, кәсіби ұтқырлық дағдыларын қалыптастыру;
  • - колледж жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді қоса алғанда, оқу нәтижелерін бағалау жүйесін қоса, оқу үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру.
  • - ішкі және сыртқы мүдделі тараптардың пікірін ескере отырып, еңбек нарығының қажеттіліктерін және ТжКБ дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты ескере отырып, білім беру бағдарламаларын үнемі жаңартып отыру;
  • - үздіксіз оқыту және кәсіптік деңгейді арттыру, инновациялық қызметті белсендендіру, білікті кадрларды даярлаудың негізі ретінде оқу үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру арқылы педагогикалық кадрлардың сапалы өсуі мен жоғары біліктілігін қамтамасыз ету;- жеке тұлғаның қажеттіліктеріне, еңбек нарығының қажеттіліктеріне, экономика мен әлеуметтік саланың келешегіне сәйкес білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру және дамыту;
  • - білім мен өндірісті интеграциялау арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасына тұтынушылардың қанағаттануын арттыру;
  • - тұтынушылардың қанағаттануын үнемі бақылауды қамтамасыз ету және қанағаттануды бағалау әдістемелерін жетілдіру;
  • - түлектің еңбек әлеуетінің кәсіби, өмірлік және азаматтық құзыреттіліктердегі қоғамның белгіленген талаптарына сәйкестігі дәрежесін дамыту;
  • - тұлғаның жоғары сапалы білім беру қызметіне және қоғамның жоғары білікті мамандар даярлауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • - қоғамның адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау және арттыру арқылы заманауи сапалы білім беруді қамтамасыз ету;
  • - студенттердің азаматтық позициясы мен патриоттық сана-сезімін, адамгершілік-мәдени құндылықтарын, қазіргі жағдайдағы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру;
  • - колледждің оқу-материалдық базасын дамыту, кәсіпорындар мен ұйымдармен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде білім беру базасын және әлеуметтік серіктестік жүйесін жаңарту және компьютерлендіру;
  • - колледждің қаржылық-экономикалық басқару жүйесін жетілдіру.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, 160031

Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: avi-med@mail.ru
225 квартал,
426 ғимарат

РЕСУРСТАР


Please publish modules in offcanvas position.