Инфрақұрлым

"АВИМЕД" көпсалалы колледжі мекемесі 6 мамандық бойынша оқытуды ұсынады.

Колледж 4 қабатты заманауи ғимаратта орналасқан.

Колледжде оқу прцесінде 31 оқу кабинетімен жабдықталған. Оның ішінде 2 компьютерлік кабинет, 1 лингофондық кабинет пен 4 арнайы зертханалық кабинетте жүргізіледі. Сапалы білім беру мақсатында кабинеттер жаңа технологиялық оқу жабдықтарымен толықтырылып, 5 интерактивті тақталар мен 4 мультимедиалық проекторлармен қатар, жаңа  үлгідегі 61 компьютер орнатылып, Кар-Тел жүйесі арқылы интернетке қосылған және 1 мультимедиалық – лингафондық кабинет жабдықталып, кіші конференц зал және үлкен конференц зал  оқу процесінде кеңінен қолданылуда. 

Колледжде 40 орындық электронды оқу залы және қорында 26740 кітап бар, кітапхана жұмыс істейді. «АВИМЕД» көпсалалы колледжі студенттер мен оқытушылардың өзара қарым-қатынасы негізінде студенттерге бағытталған оқыту қағидаларын жүзеге асыру және студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі анықтау, дербестік пен өзін-өзі жүзеге асыру қабілеттерін дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыс жүргізеді.

Колледжде қажетті жабдықтармен жабдықталған медициналық пункт бар, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Штаттық медицина қызметкерінің маман дипломы бар, соның негізінде білім алушылар мен қызметкерлерге шұғыл алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Медициналық кабинет колледждің 1-ші қабатында орналасқан. Қабылдау бөлмесі, емдеу бөлмесінің оқшаулағышы.

Медициналық кабинет қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес пайдалануға бекітілген медициналық жиһаздармен, жабдықтармен жабдықталған.

Медициналық кабинет жуғыш және дезинфекциялық құралдармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Кабинеттің  жұмыс тәртібі сабақ кестесіне және колледждің ішкі жұмыс кестесінің ережелеріне сәйкес анықталады.

Студенттерді қолдау және білім берудің үздік сапасын қамтамасыз ету үшін колледжде жас мамандарды кәсіби қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын кітапхана жұмыс істейді.

09120100- «Емдеу ісі» мамандығының коды мен мамандық атауы .
Біліктілігі: 4S09120101- «Фельдшер»

09130100    - «Мейіргер ісі» мамандығының коды мен мамандық атауы.
Біліктілігі: 4S09130103- «
Жалпы тәжірибедегі мейіргер».

09110100 - «Стоматология» мамандығының коды мен мамандық атауы,

Біліктілігі: 4S09110102 - «Дантист»

09160100- «Фармация» мамандығының коды мен мамандық атауы.         

Біліктілігі: 4S09160101- «Фармацевт»

01120100– «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының
4S01120102 «Мектепке дейінгі тәрбие мен ұйымдарының тәрбиешісі» біліктілігі

Мамандығы: 01140500 – Дене тәрбиесі және спорт

Біліктілігі:  4S01140501 – Дене тәрбиесі мұғалімі


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, 160031

Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: avi-med@mail.ru
225 квартал,
426 ғимарат

РЕСУРСТАР


Please publish modules in offcanvas position.