Әдістемелік кабинет
«АВИМЕД» көпсалалы колледжінде оқу бөлімі оқу үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылаумен айналысады.
Оқу бөлімінің құрамы:
Оқу әдістемелік бөлім
«АВИМЕД» көпсалалы колледжі Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім бойынша білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асырып, жоғары білікті мамандар даярлауда білім деңгейін көтеру үшін тиімді жағдайлармен қамтамасыз етеді.
Колледжде әдістемелік кеңестің жүйелі жұмыстары жүргізіледі, яғни оқытушылар колледжде өткізілген ашық сабақтардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдайды, сонымен қатар, әзірленген оқу құралдарын талқылап, оқу-әдістемелік кешендерді баспаға шығаруға ұсыныс береді немесе оларға толықтырулар жасау үшін оқытушылардың өздеріне қайтарылады. Пәндік оқу-әдістемелік кешендерді қарастыру нәтижесі бойынша оларды баспадан жарыққа шығаруға колледждің әдістемелік кеңесінің хаттамасынан үзінді көшірме беріледі.
Әр пән бойынша төмендегідей құрамда оқу әдістемелік кешендер құрастырылған:
Типтік бағдарлама;
Оқу жұмыс бағдарламасы;
Перспективалық -тақырыптық жоспар;
Сабақ жоспары (дәрістер, тәждірибелік сабақ жоспары, көрнекіліктер);
Аралық және қорытынды бақылау материалдары (тест тапсырмалары, билеттер);
Бақылау жұмыстарының тақырыптары;
Пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттермен қамтылу картасы.
Әдеттегідей, жыл сайын бірінші педагогикалық кеңесте ЦПБ жұмыс жоспарлары, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарлары, әдістемелік өнімдер шығару жоспары, ашық сабақтар өткізу жоспары және басқа да оқу-әдістемеллік құжаттар бекітіледі. Атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру уақыты: 1-семестрден соң және оқу жылының соңында.
Колледжде әдістемелік жұмыстарды жоспарлау кезінде, колледж алдында тұрған тапсырмалар мен мәселелерді шешуге шынайы мүмкіндік беретін жұмыстың мынадай түрлері таңдап алынды:
Әдістемелік жұмыс түрлері:
Пәндік –циклдық комиссия
Әдістемелік кеңес
Ашық сабақтар, оларды талдау
Өзара сабақтарға қатысу және сабақтарды талдау
Пәндік кәсіптік апталықтар
Пәндік оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу
«Жас мамандар мектебі» сабақтар өткізу
Сабақты өткізу және ұйымдастыру бойынша жеке кеңес
Колледж оқытушыларының курстық дайындығын ұйымдастыру және бақылау
Әдістемелік жұмыстардың бағыты:
– пәндік-циклдық комиссия төрайымдарына ағымдағы жоспарлау, талдау және түзету жұмыстарына көмек көрсету;
– оқу үдерісін ұйымдастыру, оқытудың тиімді әдістерін таңдау және қолдану, студенттерді тәрбиелеу мәселелері бойынша оқытушыларға көмек көрсету;
– пәндік оқу-әдістемелік кешендерді және басқада оқу-әдістемелік материалдарды жинақтау және жүйелеу;
– оқу үдерісін ұйымдастыру, оны әдістемелік қамтамасыздандыру мәселелері бойынша жеке және ұжымдық кеңестер өткізу;
– іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру (ашық сабақтар, әдістемелік көрмелер, оқытушылардың шығармашылық есептері және т.б);
– педагогикалық қызметкерлердің кәсіптік қызметтерін ақпараттық қамтамасыздандыру;
– педагогикалық және өндірістік тәжірибе қамтылған материалдарды жинақтау және талдап қорыту;
– педагогикалық жұмыскерлердің кәсіби қажеттіліктерімен мүмкіндіктеріне диагностика жүргізу;