Психолог
Маликова Күлмаш Сабырбергеновна
Педагог-психолог
Педагогика ғылымдарының магистрі
Туылған күні: 15.05.1964 ж
Туылған жері:Қызылорда облысы,Қазалы ауданы
Азаматтық:Түркістан облысының азаматшасы
Отбасылық жағдайы: Отбасылы
Жоғарғы:Шымкент университеті
Мамандық тәжірибесі:
Сұрақ: Мен өзгелерден ерекше болғым келеді?
Жауап: сізді басқалардың қалай көретіні маңызды емес. Өзіңді қалай көретінің маңызды. Өз өзіңізбен болып, өзіңізге жағымды ыңғайлы нәрсе жасаңыз.
Сұрақ: карантинде үйде отыру шаршатты.Егер колледжге барсақ ешқандай қорқыныш жоқ шығар. Мен спорпен айналысамын, менің денім сау.
Жауап: Елімізде COVID-19 ауруының жайылуына байланысты карантин режимі күшейтілді. Сол себепті аса қажетті болсама үйден шығудың қажеті жоқ. Бұл індет өте жұқпалы, сондықтан барлық сақтық шараларын сақтауыңыз қажет. әрине біздің көп студенттеріміздің басым бөлігі спортпен айналысады, бірақ сондада сақтану қажет. Бір бірімізге көмектесуіміз қажет.
Сұрақ: Мен 1 курс студентімін. Мен үшін арақашықтықтан оқу қиындық туғызып жатыр. Не істеуге болады?
Жауабы: сіздің жағдайыңызда қиындық туғызбау үшін үйіңізде уақыты тапсырманы орындап, дәл оқу орнындағыдай оқу кестесін ұйымдастыру керек. Күнделікті берілген тапсырмаларға қоса қосымша материалдар ізденіп, біліміңізді жетілдіріңіз.
Сұрақ: Депрессиядан қалай шығуға болады?
Жауабы: Адамда депрессия біржақты болмайды, оның басты себебі психологиялық өзін өзі құрметтеуі, бағалауының бұзылуы. Оған сыйластықпен махаббаттың да жетпеусіздігінен. Әрбір айтқан сөзді жақын қабылдауынан, өзін өзгелермен салыстырып төмен санауы. Назарыңызды басқа жаққа аударыңыз, спортпен шұғылданып кітап оқыңыз, жақсы ойлар ойлаңыз