Тәжірибе және жұмысқа орналастыру

«Авимед»көпсалалы колледжі кәсіптік тәжірибелерді, оқу-өндірістік клиникаларда емханаларда ,ауруханаларда, бала-бақшаларда, мектептерде,тәжірибеден өту және өндірістік оқыту кезеңінде құзыреттілікті игеру үшін шарттар негізінде жұмыс берушілер ұсынатын орындарда білім алушыларды өндірістік оқытуды ұйымдастыру мен өткізудің тиісті деңгейін қамтамасыз етеді. Барлық мамандықтар бойынша студенттердің кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу тәртібі келесі нормативтік құжаттарға сәйкес регламенттелген:
  • 2007 жылғы №319 «Білім туралы» ҚР Заңы;
  • Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығы;
  • Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік тәжірибені өткізуге арналған үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы»;
  • «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы;
  • Кәсіби тәжірибе туралы колледж ережесі.
Әр мамандық бойынша тәжірибелік бағдарламалары әзірленді. Барлық мамандықтар бойынша тәжірибелерді ұйымдастыру мақсатында алдын ала кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен келісім-шарттар жасалды. тәжірибенің барлық базалары білім алушылардың алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін қажетті жабдықтармен, материалдармен, әдебиеттермен жабдықталған.
Кәсіби құзыреттілікті жетілдіру үшін жыл сайын тәжірибеден өту үшін колледждің материалдық - техникалық базасы кеңейтіліп, тәжірибе базасы - кәсіпорындарының тізімі кеңейтілуде. Колледж тәжірибе базаларымен ұзақ мерзімді шарттар жасайды
Серіктес-кәсіпорындардың жетекші мамандары тәжірибе жетекшісі ретінде оқу процесіне қатысады, өндірісте тәжірибелік сабақтар өткізеді, дипломдық жобаларды қорғау кезінде комиссия құрамына, біліктілік комиссияларының төрағалары мен мүшелері кіреді.
Колледжде оқу-өндірістік шеберханалар мен мамандықтар бойынша оқу тәжірибелерін өтуге арналған зертханалар бар. Бүгінгі күні колледж әлеуметтік серіктес кәсіпорындармен келісім - шарт жасады.
Осылайша, колледж қабырғасынан шығып, біздің түлектер теориялық біліммен қатар, алдағы уақытта жұмыс істеуге қажетті тәжірибелік дағдыларды алады. Түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштері мамандарды даярлау сапасының негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады.
Колледж түлектердің жыл сайынғы жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізуге ерекше көңіл бөледі және еңбек нарығымен кері байланысты қолдайды, бұл стратегиялық жоспарлардың еңбек нарығының нақты сұранымына сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді. Түлектердің жұмысқа орналасуын бақылауды ұйымдастыру жұмысы топ кураторларымен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасайды. Жыл сайын мамандарды бітірер алдында колледж түлектерінің әлеуметтік серіктестермен және жұмыс берушілермен кездесуі өткізіледі. Тұрақты негізде колледж білім алушылардың, түлектердің, жұмыс берушілердің білім сапасына қанағаттануы туралы сауалнама жүргізеді, сондай-ақ түлектердің жұмысқа орналасуына жүйелі түрде талдау жүргізеді.
Колледж түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіштері мамандардың қажеттілігін көрсетеді. Жұмысқа орналасу деңгейі 70,1-90,5% құрайды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес соңғы 5 жылда түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша орташа көрсеткіш жалпы колледж бойынша 85% - ды құрады.
 
 
Директордың оқу-өндірістік жұмыс және жұмысқа орналастыру жөніндегі орынбасары
Тулкибаева Шынарай Қалмуратовна

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, 160031

Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: avi-med@mail.ru
225 квартал,
426 ғимарат

РЕСУРСТАР


Please publish modules in offcanvas position.