Психолог парағы
Психолог бұрышыСенім телефоныӘр адамның өмірінде жас мөлшеріне қарамастан, қолдауды қажет ететін, қиын жағдайларда өзін түсініп, тануға көмектесетін бейтарап тыңдаушыға мұқтаж болатын кездері болады. Мұндай жағдайда арнайы маманның көмегіне жүгіну – дұрыс шешім болып табылады. «Сенім телефоны» ең қол жетімді психологиялық көмек түрі болып табылады..Колледждің психологиялық қызметіПсихологиялық көмек пен қолдауды колледжде де алуға болады. Колледж оқытушылары, олардың ата-аналары және қамқоршылары күнделікті 9:00-ден 13:00 –ге және 14:00-ден 17:00 –ге дейін психологтің көмегіне жүгінуіне болады.Психологтің кабинеті 1қабатта, 105 кабинетте орналасқан. Психологиялық кеңес беруді тәжірибелі оқытушы-психолог өткізеді. Құпиялылықты сақтауға кепілдік береміз!Адамға психолог не үшін керек?Ең алдымен, психолог – оның өміріндегі маңызды адамдармен: ата-аналарымен, достарымен, оқытушыларымен қарым-қатынасқа түспейтін тәуелсіз тұлға. Ол эмоциялық жағынан байсалды, психологқа келген тұлға жан толғанысын, сезімін билей алатын, жағдаяттарды түсініп, ең лайықты жүріс-тұрыс бағытын қабылдай алатындай жағдайға жеткізетін, адамның толғаныс жағдайын айнадағыдай көре алатын, объективті көзқарастағы адам.Басқа сөзбен айтқанда, психолог адамның жан дүниесінде болып жатқан, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасын бұзуға алып келетін эмоциялық толқынды жеңуге көмектеседі.Студенттер өз замандастарымен қарым-қатынасқа түсуде пайда болған келеңсіз жағдайлары, оқытушылармен арадағы түсінбеушілігі, ата-аналарымен қарым-қатынасының бұзылуы, достарымен жанжалдасып қалуы сияқты жағдайларда қолдау және мәселенің мән-жайын аңғару үшін келеді. Сондай-ақ психологтың кабинетіне:
- сырымен бөлісуге;
- арманына жол табуға, үйренуге;
- іс-қимылын жоспарлау және жоспарларын толық орындап үлгеруге, үйренуге;
- өзінің қабілетінің деңгейін анықтауға және оны одан әрі дамытуға;
- жан толқынысын, шаршағандықты, бойын билеген үрей сезімін басуға;
- күш-қуатын және ресурстарын қалпына келтіруге мүмкіндік алу үшін келеді.
Студенттерге арналған психологиялық тренингтерде өзінің ішкі дүниесін танып, қоршаған ортамен тиімді қарым-қатынасқа түсуге үйренуге болады.Мен кіммін? Әдеттерім және көңіліме ұнайтын нәрселерім, мінез-құлқым, эмоцияларым мен сезімдерім, рефлексия деген не сияқты тақырыптар, топтарда пікір-таласқа арқау болатын мәселелердің кейбіреуі. Сондай-ақ, тренингтер барысында өзара қарым-қатынасқа түсудің базалық дағдылары қалыптасады: тыңдай білу, әр түрлі қарым-қатынасқа түсу түрлері мен әдістері, әңгімені бастау, жалғастыру және тоқтату, хат арқылы байланысу дағдылары. Тренингтер барысында түрлі мәселелердің шешімін табу әдістері табылады: дау-жанжалды жағдаяттар кезінде өзін ұстай білу, агрессияны шеше білу, сенімді жүріс-тұрысты қалыптастыру, «жоқ» деп айта білу, сын айту және мақтай білу дағдыларын дамыту, «Мен – пікірмін» деген ойды жеткізе білу.Әр адамның өмірде шешімін таба білу керек болатын маңызды мәселелері:
- өзіңді «қабылдау» – өзіңді қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүре білу, өмірдегі өз мәніңді және өзгеге ұқсамайтын ерекшелігіңді қабылдау;
- өзіңді толығымен қолдану – өз талантыңды өмірде қолдана білу;
- жетістікке және танымалдылыққа ие болу – өзің таңдаған сүйікті іс саласында жоғары деңгейлі көрсеткіштерге жету;
- пайда тигізу – іс-әрекетің - қоғам үшін де, туғандарың, тіпте жер шары үшін де,өте маңызды екенін білу.
№ 105психологтің кабинетіне келіңіздер, өмірдегі маңызды міндеттердің шешімін табу үшін, өздеріңізді толғандыратын сұрақтарыңызды қойыңыздар!
Кикілжің және одан шығу жолдары тренинг-семинар
Соңғы кездері жастарымыздың, қала берсе ересек адамдар арасында түсінбеушілік, агрессияға тез берілу, жанымызға жақын адамдарды жазықсыз жазғырып, әлде болмаса қызбалыққа салынып, болмашы эмоцияға ерік беріп өз жақындарымыз бен достарымыздың көңіліне қаяу түсіріп алатын кездер болып тұрады. Оның себебі не де?! Әрине, қазір ғаламдық жаһандану, қарбалас тіршілік, қала берсе нейтротехнология заманы. Мұның бәрі адам психикасына әсер етпей қоймайды. Ал, заман талабына сай өзгелерге ілесіп жүрмесек, көп нәрседен қапыдан қалыс қалатынымыз тағы бар.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз